2-тапсырма. Шығарманың мазмұнын баяндап беріңдер. Қазақ әдебиеті 7 сынып
Answers & Comments
lilikanl
Патшаның қазақ даласындағы 31 мен 19 жастағы ер азаматтарды тыл жұмысына тарту туралы жарлығы қарапайым халыққа төбелеріне жай түскендей әсер етті. Верныйдан келген бұйрықтың зілді болғаны сонша, халық суық хабарды естігелі күндіз ұйқыдан, түнде күлкіден айырылып, еңіреп, жылаумен болды. Сонда кемпір, шалдар қырсаң да баламызды бермейміз деп, приставқа қарсы шығады. Ер азаматтар да патша жарлығына көнбейтіндерін айтқанда, пристав қарсы шыққандарды есінде сақтап, қағазға жазып алады да, оларды күшпен алып кету үшін қазақ даласына солдаттарын жібереді. Ол күн ыстық, қайнап тұрған сарша тамыз, ораза кезі болатын. қашқандарды ату жазасына кеседі деген хабарды естіген таудағылар кірер жер таба алмаса да, соңына дейін берілмеуді жөн көреді. Сөйтіп, олар елді борсықтай сорған болысы мен ұлықтың қонысына аттанады. Алайда, азаттықты аңсап, жауға аттанған көптеген қазақ ерлері осылайша еркіндіктің жолында қаза табады.
Answers & Comments