gulfajrusabdukarim75
Қазақтарға тән киім үлгілері орта ғасырдан бастап қалыптасса, оған дейінгі кезеңдерде өмір сүрген сақ (скиф), түркі киім үлгілерінің нұсқасы туралы деректер аз. Сақтардың (скиф) б.з.б. VIII — I ғ.ғ. киген киімдерін кілем, түскиіздерден және көне ескерткіштерден көруге болады. Сақ (скиф) тайпа көсемдерінің туыстары мен қарапайым скифтердің киім үлгісінде дәстүрлік жергілікті ерекшеліктер сақталған. Ондай аймақтық ерекшеліктер орта ғасырдағы қазақтардың киім үлгісінде де кездеседі. Көсемдер мен ауқатты скифтер киімдерін бағалы аң терісі мен жоғары сапалы маталардан көркемдеп, әшекейлеп соңғы үлгіде тіккен. Ал, қарапайым сақтар бастарына киізден конус тәрізді бас киім, денесіне шақтап пішілген тізесіне дейін жететін бешпент киген. Сақтардың (скиф) көпшілігінің шалбарлары да денесіне шақтап тігілгенін көне ескерткіштерде бейнеленген. Сақ кезеңінде қоғамда иерархиялық жүйенің қалыптасқаны олардың киім үлгілері мен жерлеу рәсімінен көреміз. Сақ көсемдеріне жерлеу рәсімі кезінде киетін арнайы салтанатты киімдер дайындалған.
Answers & Comments