Ответ:
Объяснение:
Адамдар айтайын деген ойын бір-біріне ауызша да, жазба түрде де
жеткізе алады, орфография немесе емле, дұрыс жазу қағидаларын
белгілейді. Ал дұрыс жазу нормаларының көздейтін негізгі мақсаты –
айтылмақ ойды жазба түрде дәл, айқын жеткізіп беру. Әдетте жазу жалпыға
ортақ болғандықтан, оның ережелері де көпшілікке бірдей болып, қалың
жұртшылықтың пайдалануына арналады. Сондықтан емле ережелері әрі
ортақ, әрі тұрақты болуға тиіс.
Емле ережелерінің тиянақсыздығы жазатын адамға үлкен қиындық
келтіреді. Белгілі бір сөздер мен сез тіркестерінің жазылуы бір ізге түспеген
болса, ең сауатты адамның өзі толқып, қиналады. Басылып шыққан кітап,
газет, журналдар дұрыс жазудың бірден-бір көзі әрі үлгісі болуға тиіс және
сауатты жазуға алғашқы бастап үйрететін орын мектеп болғандықтан, бұл
қиындыққа әсіресе баспа қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері кездесіп
отырады.
Сондықтан 1960 жылы баспа қызметкерлері мен мұғалімдерге арналып
қазақ тілі емлесі мен тыныс белгілері ережелерін бір жерге жинақтап
баяндайтын тұңғыш анықтағыш шыққан болатын. Оның өңделіп,
толықтырылған екінші басылымы 1974 жылы жарық көрді. Алғашқы
басылымдардың екеуінде де “Анықтағыш” Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
Президиумы 1957 жылы маусымның 5-інде бекіткен “Қазақ тілі
орфографиясының негізгі ережелерін” басшылыққа алып жазылған
болатын. Екінші басылымы шыққаннан кейінгі жиырма жылдай уақыттың
ішінде қазақ емле ережелерінің жаңа редакциясы (түзетілген түрі) жасалып,
бұрынғы қағидалар біраз өңделген болатын. Соған сәйкес емле ережелерінің
жаңа редакциясы түзіліп, ол да Жоғарғы Кеңес Президиумының 1983
жылғы тамыздың 25-індегі Жарлығымен бекітілген еді. Мұнда бірқатар
қағидалар айқындала түсті, біріккен сөздердің жазылуын реттейтін баптар
қосылды. Әсіресе ғылым мен техниканың әр алуан саласына қатысты
терминдік мағынаға ие болған сөз тіркестерінің қосылып жазылатындығы
баса көрсетілді. “Екі түбірден құралып, техника, шаруашылық, тұрмыс,
мәдениет, өнер, спорт сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым
атаулары мен мамандық, кәсіп, қызмет иелерін атайтын сөздер бірігіп
жазылады” деген ереже заңдандырылды. Кісі аттарының емлесіне де
ескертулер қосылды: екінші сыңары қ , к дыбыстарынан басталатын
есімдердің естілуінше жазылатыны айтылды. Бұл өзгеріс, жаңалықтардың
әрқайсысы өзіне тиісті ережелер ішіне енгізіліп, толық көрсетілді. Осыған
байланысты едәуір жаңа баптар (параграфтар) қосылды. Бұрынғы
ережелердің бірқатары толықтырылып немесе ықшамдалып жөнделді,
мысалдары сұрыпталды.
Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments