2-мәтін
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен, ілгері заманда жылқы мен
түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. «Жылқы малдың
патшасы, түйе малдың қасқасы» деген мақал сол кезде туған болатын. Мереке-
қуанышта, қайғы- қасіретте, басқа түскен не ауыр күндерде де бұл түліктер адамның жан
серігі, айырылмас досы болған.
Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл. Жылқыны бағыпқағуда артық шығын
шықпайды, еті де, сүті де өте арзанға түседі. Жылқы етінің арзандығы өз алдында, қазақ
халқы үшін ол аса қадірлі тағам. Ғылыми орындардың арнаулы зерттеулер бойынша,
жылқының қара етінің қоректік қасиеті өзге малдардың етіне қарағанда 24-25 пайызға көп
болады екен. Сондықтан да ол қорытуға жеңіл, әрі тез сіңеді. Қазіргі кезде жылқы етінен
жасалған қазы-қарта, жал-жаяны білмейтін адам сирек, қай жерде де бұл тағамдар үлкен
сұраныста болып отырғаны аян. Жылқының бір қасиеті сүтінде. Бие сүтінен қымыз
ашытады. Қазақтың ертедегі көшпелі өмірінде ауруға ем болып, сауға қуат берген осы
қымыз. Бие сүтінде қант көбірек болады, оны жаңа сауған сүттің дәмін татып көруге
болады.
Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы
сіңеді. Бие сүтінде “С” витамині мол. Сондықтан оның емдік қасиеттері, әсіресе,
туберкулез ауруынан емдеу үшін айрықша жоғары. Сондықтан да туберкулезді қымызбен
емдейтін ең алғашқы курорт 1858 жылы Самара қаласының маңында ашылған екен. Оны
ұйымдастырушы В. Толстиков деген дәрігер: “Қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін
әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” – деп жазған екен.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.