2-мәтін Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамандар, тез өлтіріңдер, мал керек десендер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатындар», - дейді. Қарақшылар. «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініндер, киімімді киіндер, мен хат жазып жіберейін», - дейді. Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босагамдағы күмiсiмдi қоса беріңдер». Қарашылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 карақшының қолына түскен екен. 40 күнан атан дегені — 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі баласы және келіні мен ғой. Қой, тез жетіп, би атамды куткарайық». Сөйтіп Данагүлдін акылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып, олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан сон, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. 1-мәтін 2-мәтін Тақырыптары Қандай стильде жазылған? Мәтіндерден мысал келтіріңіз Мәтінде көтерілген мәселеге пікіріңіз Жазылым
Answers & Comments
Ответ:
Бул жерде Данагүлдің тапкырлыгы туралы айтылған көркем әдебиет стилі