2. Мәтінді мұқият оқып, жоспар құрыңдар.
Шоқан Уәлиханов
қазақтың тұңғыш саяхатшысы
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы – қазақтың ұлы ғалымы. Шын аты — Мүхам-
медханафия, бала күнінде әжесі мен анасының «Шоқаным» деп еркелетіп аil-
туымен «Шоқан» аталып кеткен. Туған жері - қазіргі Қостанай облысындағы
Құсмұрын көлінің жағасы.
Шоқан ауыл мектебінде оқып, араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан
кейін әкесі оны сол кездегі ең таңдаулы оқу орны
Омбы кадет корпусына
оқуға береді. Зерек те зерделі Шоқан «екі-үш жылдан кейін-ақ өз қатарларын
ғана емес, екі жас үлкендерді де басып озады» (Г.Н.Потанин). Шоқан осында
белгілі шығыстанушы ғалым И.Н.Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс
ханның «Жарлығына» талдау жасайды. Бұл – оның алғашқы ғылыми еңбегі
еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын орыс ғалымдары да жоғары
бағалап, мойындай бастаған болатын.
Кадет корпусын бітіргеннен кейін Шоқан Батыс Сібір генерал-губерна-
торының кеңсесінде қалдырылады. Ол 1855 жылы Ұлы жүзді Қоқан ханды-
ғының ықпалынан шығарып, Ресейге қосу үшін ұйымдастырылған экспе-
дицияға қатысып, Семей, Аягөз, Қапал арқылы Іле Алатауына дейін келеді.
Жоңғар қақпасына, Алакөл, Тарбағатайға саяхат жасайды. Осы сапарында
қазақ, қырғыз ауыз әдебиеті, тарихы мен этнографиясынан материал
жинайды. Бұл еңбегін жоғары бағалаған генерал Г.Х.Гасфорт оны награ-
даға ұсынады, әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, «поручик» атағын
алады.
1855 жылы Шоқан Орталық Қазақстанды, Жетісу мен Тарбағатайды ара-
лайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында
материал жинап қайтады. «Тәңірі», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы»
деген еңбектерін жазады.
(«Егемен Қазақстан» газетінен)
Answers & Comments
Ответ:
1.Неліктен шохан деп атаған
2.Оқу орындарын үздік бітірді
3. Қазақ халқының ғалым