2. Мәтінді түсініп оқыңдар. Үзіндіге қандай
тақырып қоюға болады?
Биыл Абайдың жасы он үшке толған
еді. Денесі де бір аралық кейіпте. Бойы
өскен. Қол-аяғы ұзарған. Бұрын мұрны
шолақтау болушы еді, биыл біраз ұзарып
қалыпты. Бет-бейнесі баладан гөрі ірілең-
кіреп, бозбалалық қалпына бейімделген.
Бірақ әлі сол мүсінде, үлкендік жоқ. Толық,
балғын емес. Сидиып, арықтап, құр созыл-
ған сияқты. Күн көрмей өскен рені солғын,
бойшаң ғана өсімдік бейнелес.
Бұрын қара болушы еді, бетінің қызылы
да бар еді. Қазірде қаладан қайтқандық
және ауру қосылғандық бар ма, әйтеуір,
бозғылданған.
Сұйықтау қоңыр шашының арасынан
бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. Ода
ауырғандық пен күн көзінде болмағандық-
тың белгісі.
Абайдың осы сияқты қалпына ендігі мінез
машығы да бір алуан боп өзінше үйлесті.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.