2. Мәтіннен теңеу, эпитеттерді табыңыз. ҚОС КӨГЕРШІН Былтыр Дәуренбекке жолдасы қос көгершін берді. «Алыс елде жүргенде бұлар саған нағыз достай болады», - деді ол. Бірі – ақ, бірі – көк. Екеуінің сұлу сымбаты кімді болса да қызықтырардай. Дәуренбек қашан үйреніп кеткенше, көгершіндерін темір торда бақты. Дала шайдай ашық күні екеуін алып шықты. Кенет алай-дүлей жел тұрып, шаң-тозаңды аспанға көтерді. Қос көгершінді де ұршықтай үйіріп ала жөнелді. Көгершіндер көкала шаңмен желдей бірге кетті. Дәуренбек көгілдір аспанға көз тігіп, көгершіндерін күтумен болды. Көп ұзамай ашық аспанда қатар самғап ұшып келе жатқан ақ көгершін мен көк көгершіннің қарасы көрінді. Олар үйдің шатырына қонды. «Жарайсыңдар, қанатты достарым!» деді қуанып Дәуренбек көгершіндеріне қолын созып. Олар өздерінің иесінің қолына, Иығына қон
Answers & Comments
Теңеу:достай,шайдай,желдей,қызықтырардай,ұршықтай