Наурыз мейрамын әлем халықтарының көпшілігі ертеден тойлап келеді. Кейбір деректерге сүйенсек, Наурыз мейрамы Орта Азия халықтары арасында бес мың жыл бойы аталып өтуде. Бұл мейрамды ежелгі гректер "патрих", тәжіктер "гүл гардон", "бәйшешек", хорезмдіктер "наусарджи", татарлар "нардуган", бурятттар "сагаан сара", армяндар "навасарди", чуваштар "норис ояхе" деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар Найям және тағы басқа ғұламалардың еңбектерінен Ұлыстың ұлы күнін мерекелеуге қатысты мағлұматтарды көп кездестіруге болады.
Мәселен, парсы тілдес халықтар Наурыз мейрамын бірнеше күн тойлаған. Әр жерге от жағып, оған май құятын болған, жаңа өңген жеті дәнге қарап, болашақты болжаған. Наурыз жаңару, жаңғыру мерекесі болғандықтан, ескі-құсқы киімдерден арылып, ескірген шыны аяқты сындырған.
Наурыз сөзі парсы тілінен аударғанда "жаңа күн" деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы Наурыз мейрамын күн мен түн теңесетін, жаңа жылдың басталар шағында тойлаған. Ұлыстың ұлы күнін "Армысың, Әз Наурыз" деп қарсы алған. 21 наурызда Жер иесі – Қыдыр ата ел-елді аралап, бақыт сыйлайды, бата береді деген наным-сенім бар.Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Сан ғасырлық тарихы бар Ұлыстың ұлы күні Орта Азия халықтарының Жаңа жылы саналады.
Answers & Comments