2-тапсырма. аудиоматінді тыңдап, сұрақтарға жауап бер.
1. мәтін не туралы?
2. мәтінде қазақтың орал, семей, тараз қалаларында не болғаны айтылады?
3. i ғасырдың басында қандай труппалар құрылған?
4. қандай драматургтердің пьесалары сахнада қойылған?
даю 25 баллов , помогите
Answers & Comments
Ответ:
Көркем әдебиеттегі өзге жанрлар тәрізді драматургияның да бұл салаға қалам тартқан шығармашылық иесіне қояр өзіндік талабы мен үнемі ескеруге тиіс қатаң заңдылықтары бар. Драматургияның өзіне тән басты сипатының бірі – оның диалогпен жазылуы. Жанр үшін қажетті тартыс, оқиға, кейіпкер мінезі осы диалог арқылы жасалады. Сол себепті де прозада кеңінен айтып суреттеп беретін жайды сахнада кейіпкер сөзі арқылы жеткізу драматургтен шеберлікпен қоса психологиялық дәлдікті, сахнада өтіп жатқан оқиғаны бақылап, оны уысынан шығармайтын композициялық тұтас жинақылықты қажет етеді. Мұндағы әрбір акт, көрініс, перде, оқиға өтетін орын ауысып отыратын үнемі қозғалыстағы өте қажетті шарттар. Драмалық шығарманың жазылуы, ондағы жазушы шеберлігінің қалыптасуы арнайы дайындықты қажет етеді.
Қазіргі қазақ драматургиясында да осы жанрдың қыр-сырын игеріп сахналық шығармалар тудыруға сәтті ізденіспен үлес қосып еңбектеніп келе жатқан қаламгерлер жетерлік. Бірақ проза, поэзия саласы тәрізді драматургия жанрында үнемі қалам тербеп келе жатқан, осы жанрдың қиындығына төселіп, оны шеберлікпен игеруге ізденіс жасап жүргендер шамалы ғана. Жастар драматургияға сирек қалам тартады.
Тіпті пьесалары сахнада белгілі болып үнемі қойылып келе жатқан кәнігі драматургтердің өздері әрбір шығармасын қойылымға ұсынарда оны көруші қалай қабылдайтынын ойлап толқымай қалмайды. Соған үнемі ізденіс жасап, әрбір пьесасына дайындықпен кіріседі. Көрермен оларды мұқият көріп, бақылап, театр өнерінің қалай дамып келе жатқанынан хабардар болып жатады.
Қазіргі драматургиядағы ізденіс дегенде тек сахнада ғана қойылған дүниені ғана айтпаймыз. Театрда қойылмаса да түрлі тақырыптық жинаққа шығып, пьеса деген атаумен сараптан өтіп, кітаптарда басылған, түрлі бәйгелерде орын алған шығармаларды да қосамыз. Олардың кейбірі облыстық театрларда қойылып та жатады. Білгілі бір тақырыпқа бәйге жариялағанда соны есепке алып шығарма жазатын драматургтер де осы уақыт ұсынған мәселелерді кейде орынды қозғап, тақырыптық жағынан белгілі драматургтер бара бермейтін мәселелерді қозғайтыны да бар.