2-тапсырма. «Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар өмірі» деген тақы-
рыпта эссе жаз.
Талаптар:
• Нақты айқындалған кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды бөлімнен
құрылуы шарт.
• Тақырыптан ауытқымаған дұрыс.
Тезистерді ұтымды дәлелдермен растау қажет.
• Сол кездегі балалар өмірі туралы нақты деректер болуы тиіс.
Өзіндік тың пікірлер келтіру керек.
• Баяндау стилі нақты болуы шарт.
• Мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестерді ұтымды қолда-
ну қажет.
• Көлемі – 100-150 сөз.
Answers & Comments
Ответ:
Соғыс кезіндегі бүлдіршіндердің алғаш рет адамша тіл сындыруы “Апа, нан берші”-ден басталғаны анық. Тесік тамақтан өтерлік не болса соны қаужай бергендіктен бе, қарындары асқабақтай дөңгеленіп, қылдырықтай мойындары жұдырықтай жұмыр бастарын әзер ұстап тұрғандай бүлдіршіндердің кескін-кейіптері де ұсқынсыз көрінетін. Сол түрлеріне қарамай, жүгіре жөнелгенде тауықтың балапандарындай бытырай қашып зымырайтын. Олардың “таңғы асы” осы ауылдың малының да, жанының да ырзығына жаралғандай айдыны жарқырап жататын екі дөңнің арасындағы шар айнаға ұқсас “Маса” көлінің ну ормандай қамысы еді. Жиектегі қамысты шапыр-шұпыр қаумалап су түбінен сүйрік тартып, май қоғаны ауыз толтыра күйсіткенде езулері көбіктеніп, жерік асқа тойынып-ақ қалатын. Бірақ, қоға жеудің де өзіндік әдіс-амалдары бар. Аштық қанша қысса да, қамысты тоя жеуге болмайды. Ашқарақтанып, шамадан тыс жеп қойған баланың іші ауырады. Тіпті, өліп те кетуі мүмкін. Тіршілікке деген құштарлықтары басым, мезгілінен бұрын ержеткен сұңғыла балалар бұл жағдайды жақсы біледі. Өздерінше сақтанады.
Объяснение:
❗менікі емес❗