2-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздерді анықта. Тірек сөздерді қолданып, мәтін мазмұны бойынша бес сұрақ құрап жаз.

«Рухани жаңғыру» дегеніміз – кез-келген адамның жан-жақты дамуы. Санамызды өзгерту, табиғи ресурстарымызды дұрыстап пайдалану, бабадан қалған жеріміздің құндылықтарын алдымен өзімізге тану, білу, тұлға ретінде өсуіміз бен дамуымызды тоқтатпау.
«Рухани жаңғыруды» сөз еткен кезде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласына сүйенеміз. Аталмыш мақала «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бастау алуына септік болды. Бағдарламаның өзі алты бағытқа бөлінген. Алты бағыттың барлығы да сананың өзгеруіне септік ететін бағыттар. Бастысы, әр азамат соны түсінсе болғаны.
Біріншіден – адам өмірде бәсекеге қабілетті болуы керек. Ол үшін бүгінгі заманда адам баласы сауатты болуы шарт. Сауаттылық тіл арқылы келеді. Бұл тұрғыда «үш тілді меңгеру» бағытын ұстанып, өзінің бойындағы тілге деген қызығушылықты оята білген кез-келген азамат әлемдік аренада өзіндік орнын алып үлгерген кітаптарды, ғылыми еңбектерді түпнұсқа тілінде меңгере алады.
Екіншіден – прагматизм және рационалдылық.Технологиялар дамып, табиғи ресурстар тарылған заманда өмір сүргендіктен, әр азамат өзінің табиғат алдындағы жауапкершілігін сезінуі тиіс. Біз күнделікті пайдаланатын табиғи ресурстарға немқұрайлы қарамай, бойымыздағы үнемшілдік қасиетті тәрбиелеу керекпіз.
Прагматизм мәдениеті дегеніміз – қандай да бір жобаны жүзеге асырғанда, тиімділік пен үнемділікті ұмытпау.
Үшіншіден – санамызды өзгертеміз деп ұлттық бірегейлігімізді ұмытпау керекпіз. Ұлттық бірегейліктің түсінігінде біздің тарих, мәдениет, әдебиет пен тәрбие бар. Мемлекет өз азаматының туған елімен танысуына мүмкіндіктер тізбегін жасады. Шет ел асып жатқан жастарымыз өз Отаны туралы толық мәліметтер мен деректерді білген жағдайда, әлем елдеріне насихаттай алады.
Төртіншіден – білім алуға құмар болу. Өміріңізде кітапты серік етсеңіз ұтылмайсыз. Әр кітапты оқыған сайын өмірге және әлемге деген көзқарасыңыз өзгеріп, серпіліп қалады. Бұның өзі сананың өзгеруі емес пе?!
Бесіншіден – революциялық емес даму жолына жақын болу. Бұл сөздердің мағынасы неде? Санамыз бен болмысымызды әлемге ашу, жаһаннан бар қажеттіні бойға сіңіру. Жақсы өзгерістерден адам қорықпау керек. Әлемдік деңгейдегі өзгерістерге ашық болуымыз керек.
Алтыншыдан – сананың ашықтығы. Барлық азамат білімге, жаңашылдыққа, салауатты өмір салтына, үнемділікке, тиімділікке ашық болу керек.

Кемелбек Ойшыбаев
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.