2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңдар. Мәтіннен бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп жазыңдар. (4 мысал)
Отбасы құндылықтары
Қазақта «Ұяда не көрсең ұшқанда, соны ілерсің», «Ата көрген, оқ жонар, Шеше көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген көптеген өлшемдер бар. Осы өлшемдерге қарайтын болсақ, бар мәселе отбасынан басталатынын ұғуға болады. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді.
    Отбасылық құндылықтарының мәуелі бәйтерегі – ана. Ананы әр үйдің шамшырағы, жанған бағы, құндылықтардың негізін салушы деуге болады. Анадан алынған тәлім-тәрбие өмір бойына созылады, оның бітіп қалатын тарифі жоқ. Жанұядағы ана орны ерекше болып қалмақ.
    Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен жалғасын табады. Мәселен, жанұядағы ата мен әженің рөлі де айрықша. Олардың дүниеге деген көзқарастары мен өзіндік талғамдары жасы кіші балаға өнеге болары анық. Кішкентай кезінен атасының не болмаса әжесінің айтқандарына құлақ түретін ұрпақ болса, оның арты тек жақсылыққа әкеледі. Ұлы Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі - ата-анадан, екіншісі - ұстаздан, үшіншісі-құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де, ата-ана бала тәрбиесіне мән берулері тиіс.Ұрпақтар сабақтастығы тек осылайша жалғасын таппақ.
    Отбасылық құндылықтар халқымыздың тарихымен бірге сабақтасып келе жатқан отбасылық дәстүрлер, этикасы мен мәдениеті болып табылады. Отбасы құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлерді ұлықтау - әр шаңырақтың өзіндік міндеті. Кез келген жанұяның өзгелерден ерекшеленетін құндылықтары болады. Олар бұрыннан келе жатқандар немесе жаңадан пайда болғанда да болуы мүмкін. Алайда, отбасыдағы құндылықтардың негізі махаббаттан, сенімнен, өзара түсіністіктен бастау алып, алдағы өмірде де жалғасын табады десем, жаңылысқандық болмас. Өйткені, олар ғасырлар бойына маңызын жоймайтын құндылықтар. Осы бір құндылықтарды әрбір отбасы көздерінің қарашығындай сақтап,қастерлеп жүретін болса, нұр үстіне нұр болар еді. ​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.