2-тапсырма. Мәтіннен сын есімдерді тауып, кестеге мағынасына қарай жіктеп жазыңыз. Бір күні гүлдеп тұрған бау-бақшаның қасынан ұшып бара жатқан жел бір жағымды жұпар иісті сезеді. Ол иісті білмекші болып, гүлдеп тұрған үлкен ағаштың біріне жақындайды. Ағаштың бұтақтарында жайқалып тұрған нәзік гүлдерге таңырқай қарайды. «Неткен ғажап, әдемі еді!» – деп таңданады. Қыдырымпаз жел бақта қыдыруды әдетке айналдырды. Біраз уақыт өткен соң ол тағы сол бақтың қасынан ұшып бара жатып, гүлдерді тамашаламақ болып тоқтайды. Ол бақтың аумағы өте үлкен еді. Бірақ жұпар иісті, кішкентай нәзік гүлдердің орнына хош иісті, ауыр-ауыр, үлкен алмалардың өсіп тұрғанын көреді. Ол тағы да таңырқап «Айнала қалай өзгерген, мынау бір ғажап екен!»-дейді. Осылайша, күн сайын, апта сайын ары-бері ұшқан жел осы алма бақтарын аралауды әдетке айналдырыпты. Баққа қыдырып келген адамдар, ойнап жүрген балалардың бәрі сол шырынды, дәу алмаларды үзіп жеп, дәмінен рақат алып, болды. мәз Заттың салмағы Заттың аумағы Заттың сипаты Заттың көлемі
Answers & Comments
Ответ:
заттың сипаты: жағымды, гүлдеп тұрған, жұпар иісті, жайқалып, нәзік. ғажап, әдемі, қыдырымпаз жел, хош иісті, ғажап, шырынды.
заттың көлемі: үлкен ағаштың, біраз, дәу.
заттың салмағы: ауыр-ауыр,
заттың аумағы: бақтың аумағы үлкен
Объяснение: