2-тапсырма. «Қос диаграмма» бойынша шығармадағы кейіпкерлер Ақан, Асқар және үшінші кейіпкерді салыстырып жазыңыз
Елең қылмай күнді ыстық,
Ойнап жүрген батырмыз.
Көл шетінде тыныштық,
Әңгіме айтып жатырмыз.
-Теңдесі жоқ жалғанда
Мықты болсам мен тіптен,
Екі-үш ұрттап қалғанда,
Құрғай қалса көл біткен,--дейді Ақан,
- Үйіңді екі-ақ теуіп жояр ем.
Пойызды сол күйінде
Бір-ақ жұтып қояр ем!
-Мықты болсам, -дейді Асқар.
Соған тиіп сөз енді,-
Алып келіп дәу тастар,
Бөгер едім өзенді.
-Үйлерді сен құлатқан
Қайта салып қояр ем.
Ағаш егіп ұнатқан,
Жемісіне тояр ем.
«Жолаушылар жолынан
Кешігеді-ау көп қалып»,-
Деп, пойызды қолыңнан
Жіберер ем құтқарып.
(Әнуарбек Дүйсенбиев)

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.