2
-тапсырма.
Ғаламтордан алынған мәліметтерді кірістіріп, фастфуд тағамдары
туралы шағын мәтін құрап жаз. Мәтінде мекен үстеуі мен мезгіл
үстеулерін, жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктерін қолдан.
Фастфуд дүкені алғаш рет 1919 жылы Калифорнияда «А&W Root Beer»
деген атпен ашылды.
Фри картобына да сұраныс өсті. Мысалы, 2010 жылдың өзінде
америкалықтар 3 миллион тонна фри картобын жеген.
Фастфуд тағамдары америкалықтардың артық салмақ қосуына әкелді.
Америкада артық салмақтан жылына 248 мың адам қайтыс болады.
Америкалықтар 1970 жылы фастфудқа 6 миллиард доллар жұмсаған. Бұл
2011 жылы 142 миллиард долларға жетті.
Солтүстік Кореяда «Кока-Кола» мен «Пепси-Кола» сатылмайды.
Answers & Comments
Фастфуд (жылдам даярланатын тағамдар) туралы.
Уақыт пен заман ағымына қарай, қазір қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Мен бұның бірден - бір себебі - бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, осы жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал күні-түні біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте көп. Сонымен қатар, осы тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, мен бұл тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық деп кеңес беремін!
Жіктеу есімдіктері: мен, ол (асты сызылған қою қаріппен жазылған).
Сілтеу есімдіктері: осы, бұның, бұл, осының (қою қаріппен жазылған).
Мезгіл үстеулер: қазір, бүгінгі күні, күні-түні. (асты сызылған)