2-тапсырма

Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.



«Денсаулық – зор байлық» - дейміз. Деніміз сау болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруымыз қажет. Салауатты өмір салты дегеніміз – зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану.

Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі - жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Спортпен айналысу адам өмірін ұзартады.

Салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы өте тамаша болады әрі ұзақ өмір сүреді. Ол адамның жүріс-тұрысы жарасымды, сымбатты көрінеді. Тәніміз сау болу үшін таза ауада серуендеу, салқын сумен жуыну, уақытында тамақтану, спортпен керек.

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» - дейді данышпан халқымыз.

Тәжірибеге сүйенген халық емшілері: «Ас – адамның арқауы» - деп тамақтың адам өмірінде маңызы зор екенін ертеде-ақ байқаған. Олар тамақта адамды түрлі аурулардан қорғайтын күшті қасиет барын білген. «Ас бар жерде ауру болмайды» - деген қанатты сөзде де ғылыми үндестік бар.



Жоспар

1. _________________________

2. _________________________

3. _________________________

4. _________________________

Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.