2. Тиісті жерге дефис қойып, қойылу себебін түсіндіріңдер.
Түркістан
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер-түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Ертеде Түркістанды Тұран дескен,
Тұранда ер түрігім туып өскен.
Тұранның тағдыры бар толқымалы,
Басынан көп тамаша күндер кешкен...
Шөлдер бар, кел де жүрмес, сансары құм,
Моладай ешбір үн жоқ мəңгі тып тын.
Болмақ па жан жануар шексіз шөлде,
Сар құмда салар ойнақ пері мен жын.
Тұранның Тянь Шаньдай тауы қалай,
Пар келмес Тянь Шаньға таулар талай!
Еріксіз ер түрікті ойға аларсың,
Көкке асқан Хан Тәңіріге қарай қарай.
(Мағжан Жұмабаев)​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.