2. Төмендегі сұрақтарды көршіңмен талқыла. Өзге топтарме
пікір алысыңдар.
1. Саған спорттың қандай түрі ұнайды? Неліктен?
2. Қандай қазақстандық спортшыларды білесіңдер?
3. Қазақстанда спорттың қандай түрі жақсы дамыған?
4. Спортшыларды жаттықтыратын адамды қалай атайды?
Ол қандай қызметтер атқарады?
5. Спортта төреші қандай қызметтер атқарады?
Answers & Comments
Verified answer
Ответ:
1. Маған спорт түрлерінен жеңіл атлетика спорты ұнайды. Себебі жеңіл атлетикада жарысқа қатысқанда спорттың бірнеше түрі: жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру сияқты бірнеше түрінен қатысасың.
2. Илья Ильин, Геннадий Головкин, Бақтияр Артаев, Бауыржан Исламхан, Ермахан Ибраимов т.б.
3. Қазақстанда бокс, күрес, ауыр атлетика спорттары жақсы дамыған.
4. Спортшыларды жаттықтыратын адамды тренер немесе бапкер деп атайды. Ол өз саласы бойынша спортшыны бабына келтіріп жаттықтырады.
5. Спортта төреші өтіп жатқан спорт түріне төрелік етіп, баға береді.