20 БАЛЛ БЕРЕМІН! Спорт туралы эссе жазу керек. 100 сөзден кем болмау керек. ИНТЕРНЕТТЕН АЛМАУ! Дұрыс жауапқа подписаться етемін және лучший ответ коямын✓✓✓✓
Спортпен айналысқан адамдың денсаулығы мықты, әрі шыдамды болады. Денсаулық адамдың ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен шұғылдануымыз керек. Спорттық ойындардың түрлері көп. Олар: футбол, баскетбол, волейбол, теннис, хоккей, шаңғы тебу, суда жүзу және т.б. Спорттың адам өмірінде қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын біз білеміз. Күнде таңертең ерте тұрып, «Балапан» телеарнасымен бірге түрлі жаттығулар жасаймыз. Дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Спорт адамды шат-шадымен өмір сүруге жетелейді. Спорт – белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз. Біздің елдің футболшылары да мақтауға лайық. Оларға мысал келтірсек: Астана футбол клубы Еуропа лигасы, Чемпиондар лигасы турниріне тұрақты қатысып жүр. Біздің елде Олимпаида чемпиондары көп. Оларға: Дмитрий Баландин, Ниджат Рахимов, Данияр Елеусінов, Александр Винокуров, Серік Сәпиев және т.б. Спортпен айналысуды ұмытпаңыздар!
Денсаулық туралы шығарма
Мен спортпен әуестенетін адамдардың қатарына кіремін. Күн сайын таңертеңгілік жаттығулар жасаймын, бұл маған сабаққа барар алдында ұйқымды ашуға көмектеседі. Бос уақытымда, достарыммен бірге коньки тебуге және жүзуге барып тұрамын. Осының арқасында денсаулығым жақсарып, сирек ауратын болдым. Ғалымдардың айтуынша, күніне 30-40 минут уақытыңды спортқа бөлсең, ауруға шалдығу қаупі 30%-ға азаяды. Спорт жаттығулары ағзаның иммунитетін көтереді, сол себепті спортпен шұғылданатын адамдар, вирустық инфекцияларға бейім болмайды. Физикалық белсенділік қан тамырларына жағымды әсер етеді. Жүрек – дененің ең маңызды органы, оның дұрыс жұмыс істемеуі, ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Күнделікті жаттығулар – жүрек-тамыр жүйесінің қызметінің жақсаруына кепілдік береді. Сондай-ақ, жаттығулардың көмегімен, қарт адамдардың буыны мен бұлшықеттері күшейеді. Барлығы спортпен айналысуы керек, әсіресе денсаулығы нашар кісілер. Бүгінгі таңда көптеген спорт секциялары бар, ол жердегі тәжірибелі жаттықтырушы, сізге ұнайтын жаттығу түрін таңдап береді. Салауатты өмір салтының қарапайым қағидаларын ұстанатын болсаң, денсаулығынды нығайтып, өміріңді ұзартуға мүмкіндік аласың. Сонымен бірге, дұрыс тамақтануды, ұйқының жақсы болуын және таза ауада серуендеуді ұмытпаған жөн.
Спорт ежелгі Грекиядан талай ғасырдан бері келе жатқан жарыс түрі. Көптеген мемлекеттер спортты қабылдады, спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі болады және денсаулығы жақсарады. Спорттық ойындардың ұйымдастыру адамдардың спортқа қызығушылығын ояту үшін мектеп бағдарламасына да енгізілген. Спорттың қай түрімен айналысуы адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.Қазіргі заманда көптеген дамыған елдерде бір-бірімен спорт арқылы жарысып адамдарды дұрыс өмір салтына әкелуге тырысып жатыр. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.
Осындай игі істер арқылы біздің ел жарқын болашақ көреді
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение:
чо там