20 баллов

Есімдікке байланысты тест тапсырмалары



1. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді табыңыз.



А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.

С) Өзің үлкен, қылығың – бала-шаға.

Д) Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Е) Әрбір жинақылықтың түбі – кеніш.



2. Бірге жазылатын есімдікті табыңыз.



А) Әр адам В) Әр уақытта С) Әр түрлі Д) Әр қалай Е) Әр кезде



3. Өздік есімдігі бар сөйлемді табыңыз.



А) Олар ертең сабаққа бармайды. В) Марат өз-өзіне сөз берді.



С) Ертең ешкім ешқайда бармайды.



Д) Әрдайым сабақ оқы. Е) Әлденеше рет қайталанды.



4. Есімдіктің түрін көрсетіңіз.



А) Қатыстық. В) Сұрау. С) Көсемше. Д) Есімше. Е) Жинақтық.



5. Жатыс септігінде тұрған жіктеу есімдігін табыңыз.



А) Ол. В) Оны. С) Онан. Д) Онда. Е) Оған.



6. Сілтеу есімдігін табыңыз.



А) Қайсы. В) Саған. С) Бүкіл. Д) Әркім. Е) Анау.



7. Болымсыздық есімдігін көрсетіңіз.



А) Бірнеше В) Саған С) Дәнеңе Д) Әлдекім Е) Түгел



8. Белгісіздік есімдігін табыңыз.



А) Бәріміз. В) Біреу. С) Күллі. Д) Бәрі. Е) Барша.















Етістікке байланысты тест тапсырмалары



1. Күрделі етістікті табыңыз



А) Айтуды. В) Бастады. С) Барды. Д) Береді. Е) Ойланып қалды.



2. Болымсыз етістікті табыңыз



А) Алмады. В) Қызғанды. С) Жылады. Д) Күлді. Е) Жуынды.



3. Туынды етістікті көрсетіңіз.



А) Көреген, сүзеген. В) Жая, қоя. С) Жала, тала. Д) Ойна, ойла.

Е) Ойшыл, ойыншыл



4. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз



A) -ын,-ін,-н. B) -ыл,-іл,-л. C) -ыс,-іс,-с. D) -дыр,-гіз,-т.

E) -ған,-ген,-кен.



5. Өзгелік етісті табыңыз



A) Айтып, қалған B) Жинас, сөйлесті C) Жаздыр, үйрет

D) Таран, мақтан E) Оқыр, болар



6. Ортақ етісті табыныз



A) Жастар ойласты B) Тас қаланды C) Әкесінен қаймықты D) Тектілігін танытты E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас



7. Өздік етісті табыңыз



A) Еден жуылды B) Досымен сырласт

C) Сурет ілінді D) Тастан сарай салғызды

E) Асыл өзі киінді



8. Сабақты етістік қатысқан қатысқан сөйлемде табыңыз



A) Ол онымен қатты тартысты

B) Мен ол айтысты көрген жоқпын

C) Оның айтқаны келмеді

D) Мен оған көмектестім

E) Ол асығыс жетіп келді

























Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.