balnurbekmuratk
Өсіп-жетілген Толағай өз елінің құрғақшылыққа ұшырағанын көріп, оларға қалай көмектесерін білмей біраз ойланады. Ақыр соңында анасына келіп, өзінің елін,жерін құрғақшылықтан құтқарғысы келетінін айтып, жолға шығады. Ұзақ жол жүрген Толағай бір таудың етегіне жетеді. Тау төбесіндегі қою бұлтты көріп, қалайда осы бұлттарды елге жеткізуді ойлайды. Ақыр соңында Толағай тауды басындағы қар суымен, арқар-киігімен арқасына арқалап , еліне қарай жүріп кетеді. Елге жақындаған тауды көріп, халық қайран қалысты. Ауылға жақындай бергенде Толағай тасқа сүрініп,таудың астында қалып қойды. Сол күннен бастап елге жауын жауып , егістіктер өнім беріп, мал біткенге жан кірді. Ел ішінде Толағай аты ұмытылған жоқ. Сол тауға Толағай деген ат берілді. Халық ішінде "Тау көтерген Толағай " деген аңыз қалды.
Answers & Comments
Сол күннен бастап елге жауын жауып , егістіктер өнім беріп, мал біткенге жан кірді. Ел ішінде Толағай аты ұмытылған жоқ. Сол тауға Толағай деген ат берілді. Халық ішінде "Тау көтерген Толағай " деген аңыз қалды.