Тойдың болғанынан боладысы қызық" демекші, "ЭКСПО, ЭКСПО" деп жүргенімізде ЭКСПО да өтті. Иә, ол қалай өтті? Халықаралық маңызы ерекше көрмені өткізу барысында Астана әкімшілігі қандай дайындық қамын жасады? Не істеді? Не істелінді? Біз, міне, осы сауалдарға жауап іздейміз.
Астана әкімдігі ЭКСПО көрмесін өткізу барысында барлығы 647 мәдени шара ұйымдастыруды жоспарлаған болатын. Жоспардың уақытылы орындалуы мен көрменің жоғары дәрежеде өтуіне әкімшілік жанынан құрылған ЭКСПО-ға дайындық штабының сіңірген еңбегі зор. Барлық іс-шаралар бекітілген мерзімде ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған. ЭКСПО-ға дайындық штабының жұмысы негізгі бес бағыт бойынша жүргізілді. Олар: құрылыс нысандарын уақытында аяқтап, пайдалануға беру, көлік және инженерлік инфрақұрылым, шетелден келген қонақтарды қарсы алу, қаланы мерекелік безендіру, мәдени және спорттық шараларды ұйымдастыру; қоғамдық көліктің қозғалыс бағытының сызбасын даярлау; қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ету; елге келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Көрме өз жұмысын бастағалы бері Астанаға 2,1 миллион адам келген. Оның 1,4 миллионы – шетелден келген туристер. Темір жол бекеттерінің қызметіне сұраныс – 60 пайызға, әуежай қызметіне – 70 пайызға, туристік операторлардың жұмысына сұраныс 78 пайызға артты. Қала қонақтары үшін ақпарат беретін алты дүңгіршек іске қосылып, үш тілде қызмет көрсетіп жатты. Сондай-ақ, туристер үшін Welcometoastana интернет-порталы ашылды. Үш айдың ішінде оның тұрақты қолданушыларының саны 20 мыңды құраса, барлығы 95 мың адам кіріп көрген екен.
Answers & Comments
Ответ: