21. Табыс септігінің жалғауын белгіле
A) Жас дос,табиғатты ластама!
В) Абай жас ұрпаққа көңіл бөлді.
С) Бабаларымыз туған жерге, табиғатқа құрметпен қараған.
D) Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады.
E) Өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген.
22. М.Жұмабаев нешінші жылдары өмір сүрген?
A) 1893-1938
B) 1891-1932
C) 1895-1899
D) 1893-1937
E) 1892-1938
Мәтін
Абай он төрт жасынан өлең шығарған. Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде оқыған. Медреседе ол араб, парсы тілдерін үйренеді. Медреседе оқып жүрген жылдарының соңында Семейдегі орыс мектебіне түсіп оқиды. Семейдегі Гоголь атындағы кітапханадан орыс тілінде шыққан кітаптарды көп оқиды. Осы кітапханада Е.П.Мехаэлиспен танысады. Абай ақындықты халықтың даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен үйренді. Абай орыс мәдениеті арқылы Еуропа мәдениетімен танысты. Абайды қарапайым халықтың өмірі қатты толғандырды.
Абай жас ұрпаққа көңіл бөлді. Жағымсыз қылықтан аулақ болуға шақырды. Жастарға уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты.
«Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң, арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп, өмірден өз орнын табуды өсиет етіп қалдырды.
23.Абай қай медреседе оқыды?
А) «Ахмет Риза»
B) «Ғизатия»
C) «Ғалия»
D) «Расулия»
E) «Мамания»
24. Абай Семейде Гоголь атындағы кітапханада кіммен кездесті?
А) Е.П.Мехаэлис
B) А.А.Леонтьев
C) С.С.Гросс
D) Н.И.Долгополов
E) П.Д.Лобановский
25. Қатыстық сын есімі бар сөйлемді тап
А) Жағымсыз қылықтан аулақ болуға шақырады
B) Абай жас ұрпаққа көп көңіл бөлді
C) Семейде кітапханада Е.П.Мехаэлиспен танысты
D) Жастарға уақытты тиімді пайдалану керектігін айтты
E) Өмірден өз орнын табуды өсиет етті
26. «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» - деп нені өсиет етті?
А) Өмірден өз орнын табуды
B) Білім-ғылымға шақырды
C) Жасы үлкенді құрметтеуді
D) Уақытты тиімді пайдалануды
E) Достыққа адал болуды
27. Абай өлеңді қанша жасынан жаза бастады?
A) Он төрт жасынан
B) Он үш жасынан
C) Он бес жасынан
D) Он жеті жасынан
E) Он тоғыз жасынан
28. Абай медреседе қандай тілдерді үйренді?
A) Парсы, араб
B) Орыс, француз
C) Парсы, орыс
D) Араб, орыс
E) Шағатай, парсы
29.Абайды толғандырған мәселе
A) Қарапайым халықтың өмірі
B) Жастардың болашағы
C) Балалардың білімі
D) Өз отбасы
E) Елді басқару
30. Абай ақындықты халықтың даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен үйренді. Сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді анықта
A) Даналығынан, тапқырлығынан, шеберлігінен
B) Ақындықты, халықтың, даналығынан
C) Халықтың, тапқырлығы, шеберлігі
D) Ақындықты, даналығынан, шеберлігінен
E) Абай ақындықты үйренді
ПОЖАЛУЙСТА ОЧЕНЬ НУЖНО
Answers & Comments
Ответ:
23 А
24 А
25 А
26 А
27 А
28 А
29 А
30 А
Это правильный ответ!