22-наурыз – жыл басы, жаңа жыл мерекесі болып саналады. Адамдар бұл мерекені асыға күтедi. Бұл күнi адамдар таза, жаңа киiм киедi. Бiр-бiрiн мерекемен құттықтайды. Әр үйде дастарқан жайылады. Жетi түрлі тағам қосылған наурыз көже пiсiредi. Үлкен кiсiлер бата бередi. Наурыз тойы өте қызықты өтеді. Адамдар ән айтып, би билейді. Ұлттық ойындар ойнайды. Балалар алтыбақан тебеді. Маған Наурыз мерекесі ұнайды.
Answers & Comments
Ответ:
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.