Тәкен (Тәңірберген) Әлімқұлов (22.11.1918, Созақ ауданы, Бабата ауы- лы — 13.4.1987, Алматы) ақын, жа- зушы, әдебиет сыншысы. Мәскеудегі Әдебиет институтын бітірген (1953). Шығармалары 1945 жылдан жарияла- на бастады. Сол кезден жазушы ретін- де танылды. «Са- Алғашқы өлеңдер жинағы пар» 1950 жылы жарық көрді. Жазушы шығармаларының негізгі тақырыбы ауыл тіршілігі, адам тағдыры, өнер қайраткерлерінің өмірі. Ол қоғамдағы жалғандыққа, бұрмалаушылыққа көн- беді. Адамның ішкі табиғаты мен сыртқы әрекетіндегі қайшылықтарды көркем шығармаға арқау етті. Жазушы Абай, Махамбет секілді та- рихи тұлғалардың өмірі жайлы көркем шығармалар жазды. «Халықтар достығы» орденімен ма- рапатталған (1978) Мәтін мазмұны бойынша конспект жаз.
Answers & Comments
Verified answer
ТӘКЕН ӘЛІМҚҰЛОВ
Тәкен Әлімқұлов (1918–1987) 22 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген.
1937 жылы Ащысай кенінде жұмысшы жастардың кешкі мектебінде аз уақыт оқиды. Шымкент қорғасын зауытындағы кеншілердің мөлтек газетінде екі тілде хабар жазып, қалам ұштаған ол 1946 жылы «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жауапты хатшы боп орналасады. Көп ұзамай Алматыға «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас алаш») ауысады. Осы газетте оның журналистік стилі қалыптасады.
1949 жылы Мәскеудің М.Горький атындағы әдебиет институтына оқуға түседі. Өлең жазып, әдеби сынмен шұғылдана жүріп, аударма саласында елеулі еңбек етеді.