23. Мәтінді оқы. Мәтінде не туралы айтылған?
Қант пен Тас
Кішкентай Болаттың қолындағы бір шақпақ қант бай-
қаусызда жерге түсіп кетті де, домалап барып, сонадай жер-
де жатқан Тасқа соғылды.
- Шекең ауырды ма? – деді Тас масаттанып. - Өзің келіп
соғылдың ғой.
Ауырған жоқ, деді Қант ақырын ғана. Мен бай-
қаусызда саған соқтығып қалдым. Соған да мақтанасың ба?!
- Мақтанбағанда ше! Бұдан былай байқап жүр. Менің
денемнің шойындай қатты екенін біліп қой.
- Оның несін айтасың? – деді Қант. – Әркімде бір қасиет
бар. Сен қатты болсаң, мен тәттімін.
- Ендеше, білсең, айта қойшы, - деді Тас, - қатты жақсы
ма, тәтті жақсы ма?!
Бұл екеуінің сөзін тыңдап тұрған Болаттың атасы күліп
жіберді де:
– Негізінен тәтті жақсы. Бірақ реті келгенде қаттының
да қажеті бар, - деді.
Ахмет Сарбелин
• Бұл мәтіннің қай түрі? Мәтін бөліктерін тап.
• Сұрақтарды жалғастыр.
1. Неге тәтті жақсы?
Answers & Comments
Ответ:
1) ғылыми стильге жататын сияқты
2) білмеймін
Объяснение: