Ответ:
1.Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.
Мағынасы - Ана өз үйін,баласын ойлайды,ал баласы шетті,қияны ойлайды.
2.Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Мағынасы - Өзіңе өмір сыйлаған анаңа қарсы сөйлеме ,ал атыңа көтере алмас,ауыр жүк тиеме,әліне қара.
3.Баласыз ана - гүлсіз алма.
Мағынасы - Баласы жоқ ана,түйнектеп гүлдемейтін алма ағашы секілді.
4.Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Мағынасы - Ата - анаң қартайса- мәпелеп бақ,ертең сенде қартаясың,істегенің алдыңа келеді.
5.Ас тұрған жерде ауру тұрмайды.
Мағынасы - Құнарлы тамақтансаң денің сау болады.
6.Өле жегенше - бөле же.
Мағынасы - Асты көппен же.
7.Асы бар аяқтан аттама.
Мағынасы - Ас тұрған ыдыстан аттап өтпе,ас киелі.
8.Тату үйдің тамағы тәтті.
Мағынасы - Отбасы тату болса ,үйі берекелі,асыда дәмді болады.
9.Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.
Мағынасы - Жігітке өмірде ең қымбаты - жары,ар - намысы.
10.Ел намысы - ер намысы.
Мағынасы - Елінің намысын ер қорғайды себебі ел намысы - жігіттің намысы.
11.Жарлы болсаңда арлы бол.
Мағынасы - Мейлі сен дымы жоқ кедей бол, бірақ арың намысың болсын.
12.Ер жігітке өлімнен ұят күшті.
Мағынасы - Жігіттің ұят іс істегінше өлгені артық.
13.Өтірік айтқанша үндемеген абзал.
Мағынасы - Ешқашан өтірік айтпа,өтірік айтқанша үндемейақ қой.
14.Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.
Мағынасы - Ат жақсы болса мақтай біл.Адамның жақсысын жақта,досы бол.
15.Кісіні кейде таршылық сынайды,
Кейде баршылық сынайды.
Мағынасы - Кісінің қандай адам екені жоқшылықта және баршылықта білінеді.
16.Адам бір - біріне қонақ.
Мағынасы - Адам қонақ секілді өмірге келеді кетеді.Өмірде бір - біріңмен сыйласа біл,
17.Бейнет.Бейнет түбі - зейнет.
Мағынасы - Көп бейнеттенсең,еңбектенсең еңбегіңнің зейнетін көресің.
18.Екі жарты - бір бүтін.
Мағынасы - Жаны жарты,жарынан айрылған екі жан үйленсе бір бүтін болып отбасын құрайды.
19.Бір жеңнен қол,бір жағадан бас шығар.
Мағынасы - Бірлесіп,ынтымақта бол.Бірлесіп істесең ісің өнеді.
20.Ата өнері - балаға мұра.
Мағынасы - Отбасында атасы өнерлі болса баласыда өнерлі болады.Ата өнерін баласы жалғастырады.
21.Әкесін сыйламағанды баласы сыйламайды.
Мағынасы - Отбасында баласы әкеден үлгі алады.Егер әке өз әкесін сыйламаса ертең баласы оныда сыйламайды.Бала көргенін істейді.
22.Су жерген жер береке,
Ел жүрген жер мереке.
Мағынасы - Суы бар жердің берекесі бар,жерге су жүрсе көк,егін өседі.Ел ортасы мерекелі,той - думанды болады.
23.Ер қанаты - ат.
Мағынасы - Жігіттін тұлпары оның қанаты.Бара жеріне апарар.
24.Отансыз адам - ормансыз бұлбұл.
Мағынасы - Өз елі,туған жері жоқ адам ағашы жоқ бұлбұл секілді болады далада қалған.
25.Сабыр түбі - сары алтын.
Мағынасы - Адам сабырлы болғаны жөн.Сабырлы болсаң алтынмен теңсің.
Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.
Answers & Comments
Verified answer