Қаратау-қазақ жерінде Қаратау атты таулар бірнешеу. Ең көлемдісі - Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының орталығындағы орташа тау. Алыстан қарайып көрінетіндіктен Қаратау деп аталған. Ең биік жері - Мыңжылқыдағы Бессаз шыңы. Өзендерге, көлдерге тапшы. Негізгі өзендері - Бөген және Арыс салалары. Олар көктемгі еріген қар суымен молаяды. Таудың төбесі тегіс, көбінесе мал жайылады.
Бөген өзенінің жоғарғы жағындағы сайда «Әулие» деп аталатын үңгір бар. Үңгір миллиондаған жылдар бұрын пайда болған. Тереңдігі - 30 метр, ұзындығы - 150 метр. Үңгірдің топырағы тыңайтқыштарга бай. Ертеде құстардың мекені болған.
Қаратаудың тарихта алатын орны ерекше. XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарларға қарсы бірігіп соғысу үшін қазақтың үш жүзінің билері (Төле, Әйтеке. Қазыбек) Қаратаудың Ордабасы төбесінде кездесіп, келіссөз жүргізген. Сол жерде билерге арналып ескерткіш қойылды. Жоңгар шапқыншылығы кезіндегі қазак халқының басынан өткізген қасіретті «Ақтабан шүбырынды, Алқакөл сұлама» (1723-1725 жж.) жылдары халық өлеңі «Елім-ай» осы Қаратау жерінде туған.
Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Ыле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
Answers & Comments
Ответ: