написать эссе на тему "Тəуелсіздік Қазақстан" на казахском пжпжпжп 250-280 слов
Answers & Comments
sergeigei11
«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» неткен керемет, киелі ұғымдар! Біздің Отанымыз тәуелсіз, еркін мемлекетпіз. Бүгінде біз – қанатын кең жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне 28 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевта осы егемен Қазақстанның 28 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен осы егемен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анаманың жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін! Біз 16 желтоқсанда еліміздің егемендігін жариялаған күн екенін білеміз. Сол күні 1991 жылы көгімізде тәуелсіздік туы желбіреді. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан – ата-бабамыздың орындалған шұғылалы арманы , сарғайып күткен ата-бабаларымыздың асқақ арманы орындалды десек қателеспейміз. Сондықтан да тәуелсіздік тарихы арнайы әңгімеге үздіксіз тиек боларлықтай ұлы тақырып екендігін қазіргі ұрпақ яғни біз ешқашан шығармауымыз керек. Қорыта айта кетсек Тәуелсіз – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні.
Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты. Жер бетінде қанша ұлт болса, соншама арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрейік. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлейік.
2 votes Thanks 2
askarovaajkorkem2
ответ классный но я удалю ато у нас в классе если одинаково получится то нам конец