7-жаттығу
1. Автокелік радиусы 100 м айналма жолмен 54 км/сағ жылдамдықпен қоз-
ғалады. Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
2. Алғашқы "Восток" ғарыш кемесінің Жерді айналу периоды 90 мин. Оның
Жер бетінен орташа биіктігін шамамен 320 км деп есептеуге болады. Ал
Жердің радиусы 6400 км. Осы ғарыш кемесінің жылдамдығын есептеңдер.
*3. Жердің жасанды серігі (ЖЖС) дөңгелек орбита бойымен 630 км биіктікте
қозғалады. Оның айналу периоды 97,5 мин. Жердің радиусын 6370 км деп
алып, осы ЖЖС сызықтық жылдамдығы мен центрге тартқыш үдеуін анық-
таңдар.
■4. Қуатты бу турбинасының роторы 3000 айн/мин жасайды. Оның жұмыстық
дөңгелегінің диаметрі 2,7 м. Осы турбина роторының бұрыштық жыл-
дамдығын және ротор қалақшалары ұшының сызықтық жылдамдығы мен
үдеуін табыңдар.
7 жаттыгу