Ас , ас беру — өлім-жітімде жасалатын кәденің соңғысы, еске алу рәсімі. А. беруді “жылын беру” деп те атайды. Бұған арнайы сойылатын жылқыны марқұмның қырқында (қырқ күн өткен соң берілетін ас-су) тұлдайды. Оған көбінесе марқұмның мінген аты белгіленеді. Мұны жетісінде де белгілей береді. Тұлдау — сол аттың қара терін шығарып барып суыту. Жал-құйрығын күзеу. Сонан соң жүген-құрықтан азат етіп қоя беру. Қазақ А-ты бір жағынан той деп есептейді. Ат шаптырып, бәйге береді. “Аруақ риза болмай — тірі байымайды” дейтін қазақ дүниеден өткен туысқанының рухын риза етуді міндет санайды. А-тан кейін ол үйде (ауылда) қаралы ту түсіріліп, азалы күй тоқтатылады. Жесір қалған әйел тек ерінің А-ын берген соң ғана қайта тұрмысқа шығуға ерікті. А. беруге қайтыс болған адамның туыс, жекжат, дос-жарандары ат салысады. Осыған орай “Ас пен той ортақ” деген қағида қалыптасқан. Көзі тірісінде елге атағы жайылған, соңында қалған ағайын-туысы мол адамдардың А-ы ұлан-асыр той дәрежесінде өткен. Ондай А-та жүздеген ордалар, киіз үйлер тігіліп, үш жүзге бірдей сауын айтылған. Бұған әр елден есімі белгілі ақсақалдар, батырлар, ақындар, палуандар, әнші, жыршылар, көкпаршылар, мергендер арнайы шақырылып, жүйрік аттар келетін болған.
Answers & Comments
Verified answer