Науша Мырзагерейұлы Бөкейханов (1870, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы — 1944) — домбырашы, күйші, қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушылардың бірі.
Күйші-композиторлар Салауаткерей мен Макар Жапаровтың шәкірті болған, халық композиторы Дәулеткерейдің күйшілік дәстүрін біздің заманға жеткізген. Бөкейхановтың шығармашылық өнер жолының қалыптасуына А.В. Затаевичпен кездесуі (1927) зор ықпал етті. Оған “Жігер”, “Керілме”, “Ақсақал”, “Терісқақпай”, “Сыбырлақ”, “Қос ішек”, “Ысқырма”, “Топан”, “Салық өлген” сияқты 20-дан астам күйлер жаздырды. Сондай-ақ, Қазақтың халық аспаптары оркестіріне 30 күй тапсырды. Домбырашының репертуарында халық композиторларының 90-нан астам күйлері (оның ішінде Дәулеткерейдің 50 шақты күйі) болған. Бөкейхановтың орындаушылық өнері музыкалық образды бейнелеу шеберлігімен, көркем саздылығымен ерекшеленеді.
Answers & Comments
Ответ: