Дарийдің сарбаздары шөл мен аптап ыстықтан ауырып, өле бастады. Ақыры патшаның сабыры таусылды. Оның Ранасбат деген сардары семсерін ала Шыраққа ұмтылды. - Уа, жеңіс деген осы! - деп шаттана дауыстады Шырақ. - Мен өзімнің ата-бабаларымның жерін жаулап алғысы келген парсы патшасы Дарийдің әскерін жалғыз өзім жеңдім. Сендерді жан-жақтарыңнан елсіз, сусыз ен дала, қу медиен қоршап тұр, қай жаққа жүрсеңдер де мейілдерің, еш жерден елді де, суды да таппайсыңдар. Шөлден шығу үшін жеті күн жол жүру керек. Ал мен кіндігімді кескен туған жерімде қаным төгілетіні үшін және сүйегім осы арада жерленетіні үшін бақыттымын! Ашу кернеген Ранасбат семсерін сермеп қалды. Шырақ туған жердің құмын құшақтай құлады. Бақташының құлақ естімеген қылығы, жан тітіреткен ерлігі парсыларды қатты сескендірді. Олардың бойын үрей биледі. Қайда барарларын, не істерлерін, қалай жан сақтарларын білмей дағдарды. Қырғыннан құтылатын жол жоқтай көрінді. Бақташы Шырақтың парсыларға құрған осы қақпанында жау қолының тең жартысы ажал құшты. Қалған жартысы асығыс арттарындағы скиф сахарасында оралды, Истр өзеніндегі көпірден өтіп, өз елдеріне безе қашты. Сөйтіп, жеңіс іздеп келген жаудың қаншасы қу медиен, құла дүзде қаталап өлді, қаншасы құм астында жатып қалды! Ал Шырақтың есімі, оның ерлігі туған жерді қорғау жолындағы, бостандық жолындағы қаһармандық пен жанқиярлықтың үлгісі ретінде ғасырлар бойы өшпей жасап келеді!
Answers & Comments
Ответ: