II Филиптің (б.з.б. 382-336 ж.) патша – Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды. II Филипп Македонияда өзінің өкімет билігін нығайтып, монархия құрған. Ол елде әкімшілік және әскери реформалрды жүзеге асырды.
II Филипп аса ірі және жеңімпаз әскер жасақтады. Македонияның атты әскерлері тек ақсүйектерден тұрды. Шаруалар мен бақташылардан жаяу әскер құрды. Әскерді гректердің үлгісімен фаланга түрінде сапқа тұрғызды. Әр сапта 16 қатардан жауынгер болған. Барлық жауынгерлер қатал белгіленген тәртіп бойынша сапқа тұруға және әскери басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға тиісті болды. Әрбір жаяу әскер дулыға, сауыт, қалқан, қанжар, және ұзын найзамен қаруланды.II Филиптің маңызды істерінің бірі – ақша реформасы. Ақша реформасы б.з.б. 356 ж. Жүзеге асты. Ол базар нарқының талаптарын ескере отырып, жаңа ақшаларды шығарды. Оның құны сол кездегі халықаралық рынокта басым болған.II Филипп гректер ықпалымен Македонияның қалаларын әсем және сәулетті етті, қалаларда театрлар салды. Көптеген грек сәулетшілері мен ақындарын қызметке шақырды. Македондық грек әліппесінің таңбаларын қолданды.Грекияны бағындырып алғаннан кейін, II Филипп патша парсыларға қарсы жорыққа әзірленді. Жорыққа әзірленіп жатқан кезде II Филипп қастандықпен өлтірілді. Қастандық патша дос-жарандарымен, нөкерлерімен театрға бара жатқанда жасалған. Македондықтар бұл қастандықты ұйымдастырған парсылар деп шешті. II Филипп қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Александр патша тағына отырды. Александрдың жасы жиырма бірде еді. Ол жігерлі, батыл, өте қабілетті болды. Әрі мақтау сүйгіштігімен көзге түсті.Александр Македонский (б.з.б. 356-323 ж.) ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болды. II Филипп ғұлама ғалым Аристотельді өзінің 13 жасар баласы Александрға ұстаздыққа шақырған. Аристотель бірнеше жыл Александрды ғылым мен өнердің болашақ билеушіге қажетті барлық салаларымен таныстырды. Александр Гомердің өлеңдерін сүйіп оқып, көпшілігін жатқа білген.
Answers & Comments
Ответ: