Ответ:Адам баласына берілген баға жетпес құндылықтардың бірі-уақыт.
Бүгінгі күні дамыған өркениетті елдерге бара қалсаңыз, кез-келген адамның осы уақыт мәселесіне келгенде тым сараң екенін байқайсыз. Адам баласы уақыттан ұтылған жағдайда көп нәрседен қағылатынын жақсы біледі.
Уақыт-бір орталықтан бастау алатын және мәңгілікке созылған спираль тәрізді. Біз ауқаттанған кезде астың дәмінен ләззат алып, оның пайдасын көреміз. Уақыт та сол сияқты: сәттерін, минуттарын, күндері мен апталарын қаншалықты тиімді пайдалансақ, соншалықты ләззат аламыз, оның өтіп, оралмасқа кеткенін қаламаймыз. Өмір ләззаты мен қуанышы сезіліп, әрбір күніміз бен келешегімізге үміт отын сыйлаған кезде, қаншалықты көз тоймас нығмет болса да, егер оны ойланбай өткізсек, оның адамның иығына артылған ауыр жүктен ешқандай айырмашылығы болмайды.Уақыт – адам өмірінің ақшалай құны. Уақыт – әркімнің нақтылы өмірлік капиталы. Адамның босқа кеткен әрбір сәті отқа жаққан теңгемен тең. Адамның ақшалай уақыты адамның өзіне байланысты. Біреудің бір сағаты мың теңге болса, енді біреулердікі бір тиын. Кісінің кісілігі уақытты босқа өлтірмеуден басталмақ. Даналық жасқа байланысты емес. Елдің бәріне ортақ бір-ақ күнтізбе бар, тек оны әркім әр түрлі пайдаланады.
Кей жандардың «уақытымды қалай өткізсем екен?»-деп ойлауының өзі қауіпті. Қазіргі таңда жастардың түрлі әрекеттерге баруы, қылмыс жасауы, моралдық азғындықтарға салынуы, не істерін білмей бос жүруі жиі кездесіп қалады.Әсіресе, жазғы демалыс кездерінде балаларға үлкендер тарапынан бақылау күшейтілмесе, айтарлықтай зардап әкелуі де мүмкін. Сол себепті де мұсылманмын деген адам уақытын босқа өлтірмеуі тиіс. Бұл да болса уақытты дұрыс ұйымдастыра алмауынан болып отыр. Адамдардың бос отырудан сақтанғаны жөн. Уақыты болса, араз адамдарды татуластыруға, мамандығына сай жұмысымен айналысса, жетім-жесірлерге қол ұшын беруге дайын тұрса, жалпы пайдалы іспен айналысуға өз уақытын жұмсағаны дұрыс.
Адам баласы екі нәрсенің қадірін білмейді: бос уақыт және денсаулық. Кез-келген отбасында адамның уақытын алатын нәрселер көп-ақ. Атап айтар болсақ, теледидар және ұялы телефон. Жасыратыны жоқ, бұл күнде көк сандығы жоқ үйді елестету мүмкін емес. Ұялы қалта телефон- кім-кімнің де айырылмас досына айналған. Қанша алтын уақыттары телефонға үңілумен өтуде. Көп уақытын теледидар алдында өткізетін адамдар көп нәрседен құр қалып жатады. Оның орнына көркем әдебиеттерді оқыса, рухани дүниесіне мол азық болар еді. Уақыттың тағы бір аңдушысы-ұйқы. «Түнгі ұйқысын түгел ұйықтаған адам мақсатына жете алмайды» деген халық даналығының астарын түнгі уақытын шығармашылыққа арнаған М.Мақатаев ағамыздың өлеңінен де аңғарамыз.
Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған,
Ұйықтасын сапарларын тамамдаған.
Алдымда сапар жолы тарам-тарам,
Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам.
Ия, уақыттың бұдан да басқа жаулары көп-ақ.
Уақытты тектен- текке өткізу-көп сөз, көп қыдырудың да еншісінде.
Халқымыз уақытты дүниедегі ең қымбат нәрсе болғандықтан да оны алтынға балайды. Алтының әзірше өзіңде. Оған басқалар көз салмасын десең, дұрыстап сақта. Уақытты көбінесе жаман әдеттер мен қылықтар құртады. Мысалы, жаман әдетке құмар адам уақытын тек осы жолға арнайды. Мақсатсыз қыдырымпаз адам уақытты тек бос сенделумен өткізеді. Құмар ойнағыш уақытын ойынмен толтырады. Ал өзің алтын уақытыңды қалай өткізудесің? Барлық нәрсе уақытты тиімді пайдалана білуге байланысты. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Уақытты меңгере алмаған адам жетістікке еш жете алмайды. Уақыттың қадірін бағалай білу керек.
Әрбір жылдың, айдың, аптаның, бір күннің, бір сағаттың, бір минуттың, тіпті бір секунттың да өзіндік құны бар. Осыны түсіне біліңдер!
Answers & Comments

Объяснение: