2.Жазылым.



Үстеу туралы кластер толтыр.



Заполни кластер про наречие.





Үстеу іс-қимылдың, амал- әрекеттің, белгісін жай- күйін мекенін, мөлшерін, мезгілін білдіретін сөз табы. Мыс: бүнін төмен, жоғары, әрмен , бірталай т.б. Үстеулер қалай? қанша? қашан? қайда? қайдан деген сұраққа жауап береді.



Үстеулер мағынасына қарай: мезгіл, мекен, мөлшер, сын-қимыл, мақсат, себе-салдар, күшейткіш болып бөлінеді.



Мезгіл үстеулері: ертең, ерте, әлі, енді-енді, оқта-текте т.б.



Сұрақтары: қашан? қашаннан? қай уақытта?



Мекен үстеулері: әрі, әрмен, ілгері, кейін, төмен, алда, т.б.



Сұрақтары: қайда? қалай қарай?



Мөлшер үстеулері: сонша, осынша, онша, әжептәуір, бірталай, т.б.



Сұрақтары: қанша? қаншалық? қаншама?



Сын-қимыл үстеулері: әрең, әзер, тез, шапшаң , шикілей, шалқасынан т.б.



Сұрақтары: кімше , неше, қайтіп?



Мақсат үстеулері: әдейі, әдейілеп, жорта, қасақана т.б.



Сұрақтары: неліктен, не үшін?



Себеп – салдар үстеулері: бекерге, босқа, жоққа , амалсыздан, құр босқа, тектен – текке т.б.



Сұрақтары: не себепті? не себептен? қалай?



Күшейткіш үстеулері: өте, орасан, мүлде, тым, кіл, аса, кілең т.б.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2025 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.