Мәтіннен кем дегенде 3 көптік жалғаулары бар сөздерді теріп жазыңыз. ________________________________________________________________________________________________________________________________(3) Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ғаламтор – компьютер желілері жүйесін біріктіретін әлемдік кеңістік. Оған қосылмаған компьютер кемде-кем шығар. Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады Күн сайын біз адамдармен әртүрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, ұялы телефон, факс, электрондық пошта, ғаламтор. Ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы ғаламтор компьютерлік желісі құрылды. Ғаламтор планетадағы барлық компьютерлік желілердің басын қосатын дүниежүзілік «өрмекші торға» айналды. Ғаламтордың көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең тарағандары: -электрондық хатты алу және жіберу; -алыс компьютерден файлдарды тасымалдау қызметі; -ақпаратты іздеу; -сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу; Ғаламторды көптеген мақсатқа пайдалануға болады. Ғаламтор арқылы әрбір оқушының дистанциялық жобаларға қатысуға мүмкіндігі бар. Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшынша газеттер, кез келген қалалардан кітаптар сатып алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі танысыңызбен еркін сөйлесуге болады. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. Сұрақтар Жауаптар Ғаламторды неге «өрмекші тор» деп атайды? Адамдар қандай байланыс түрлері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды? Ғаламтор дегеніміз не?​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.