«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-токсан бойынша жиынтық бағалау
тапсырмалары
Тарихи тұлғалар тағылымы
Қызым – жағадағы құндызым, Ұлым – аспандағы жұлдызым
Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер
Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшеліктері
Тыңдалым
Екі аяқтылар індегі бар күшікті сыртқа алып шықты. Жеті күшіктің бесеуін
өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып
қалдырды да, екінші біреуін - ең кенжесін алып жүріп кетті.
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды, жанынан да шықпайды. Көксерекке
арнап итаяқ әзірледі. Түнде күшікті Құрмаш қасына алып жатады.
Жаз ортасында Көксерек үлкейді. Бұл уақытқа шейін Көксеректі ауыл иттерінің
бірде-бірі дос көрмеді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер
бұны талап та тастайды. Көксерек жайында ауыл әйелдері түрлі өсек те таратып жүрді.
- Ұры. Асырасаң да мал болмайды. Түнде қойды үркіте береді. Даланы жақсы көреді.
Иттен қорыққаннан ғана үйде жатады,- дейді.
Құрмаш бұл өсектің бәрін елемейді.
Көксерек тамаққа өлгенше ашқарақ еді. Алдына құйып қойған асты кісі қарап тұрса,
жаламайды, жемейді. Адам қарамаса, тамақты жоқ қылады. Егер қарны ашып кетсе,
өзіне бермеген асты да жеп қояды. Кейде сондай жерде ұсталып, таяқ та жейді.
Жаз ортасы келген кезде Көксерек зіңгіттей көк қасқыр болып шықты. Енді
оны ауыл иттері талай алмайды. Өскен сайын суықтанып келеді. Сол мінезін байқаған
үлкендер:
- Енді бұны өлтіріп, терісін алу керек, —деді. Бірақ Құрмаш көнбеді.
1. Тыңдалым мәтіні бойынша 2 дұрыс жауапты анықтаңыз, қоршаңыз. (Екі дұрыс
жауап үшін 1 балл)
А) Адамдар екі кішкене күшікті ауылға алып келді.
B) Көксерекке арнап Құрмаш тамақ құятын ыдыс дайындады.
C) Көксерек ауыл иттерімен бірге жүреді.
Д) Құрмаш Көксерек туралы әңгімелерді тыңдамады.
[1]
Answers & Comments
Ответ:
А) С) давай балл Бер
пж ок