Қазақстан Республикасы мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайы - 1976 жылы Т.Г. Шевченко атындағы Қазақ мемлекеттік көркемсурет галереясының (1935 жылы қаланған) және Республикалық қолданбалы өнер музейінің (1970 жылы қаланған) қоры негізінде қаланған.1984 жылы қаңтарда музейге Қазақ КСР Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.
ЮНЕСКО-ның шешімімен 2004 жылы Әбілхан Қастеевтің 100 жылдық мерейтойы кең көлемде атап өтілді. 2004 жылдың 15 қаңтарында Әбілхан Қастеевтің мерейтойлық көрмесінің салтанатты ашылуы болды. Көрме суретшінің күллі шығармаларын қамтыды. Атап айтар болсақ, 400-ден аса акварельдік және кескіндеме туындылары, фотоқұжаттар, суретшінің жеке заттары, кинохроника музейдің үлкен төрт залдарында қойылды.
Сонымен қатар суретшінің көрмесі Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде және республиканың облыс орталықтарында өткізілді. Жаркентте Ә. Қастеев атындағы көркемсурет музейі ашылса, Чижин ауылында Ә. Қастеев атындағы саябақ ашылды.
Answers & Comments
Ответ: