ОҚЫЛЫМ
3-тапсырма. Мәтінді оқы. Тақырып кой.
ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы.
Лиро-эпостық жырлар
Мазмұны мен көркемдігі жағынан лиро-эпостық жырлар ауыз әдебиетінің
классикалық туындылары болып саналады. Ғашықтық туралы жырларда тек екі
жастың арасындағы махаббат, сүйіспеншілік кана айтылмайды, сонымен бір-
ге көшпелі қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары,
әдет-ғұрпы, өмірге деген көзкарасы да жырланады.Ғашықтық, сүйіспеншілік туралы жырлардын басты кейіпкерлері - батыр-
лар емес, карапайым адамдар. Бұл дастандарда арманына жете алмаған екi
жастын махаббаттары шынайы бейнеленген. Лиро-эпостық жырлар да халық
арасында кеп замандар ауызша тараған. Сүйіспеншілік, махаббат туралы
жырларда адамның ішкі сезімі, халықтың тұрмыс-тіршілігі батырлар жырына
қарағанда көбірек айтылады. Сондықтан да бұл жырлар «лиро-эпостық» деп
аталады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», және тағы басқа туындылар
лиро-эпостық жырларға жатады.
Т. Ақшолақов
на фото задание
Answers & Comments
Ответ:
Кіріспе Лиро-эпостық жырлар
негізгі бөлім Ғашықтық жырлардың ерекшелігі
Қорытынды Ғашықтық жырлар мен батырлар жырларының айырмашылығы
Тірек сөздер: ауыз әдебиетінің классикалық туындылары
Махаббат, көшпелі қазақ елінің тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы
Батырлар жырынан айырмашылығы халықтың тұрмыс - тіршілігі көбірек айтылады