Жетіқарақшы - Темірқазыққа Тәңір өзінің аттарын байлайды. Темірқазықтың қасындағы қос жарық жұлдыз - Тәңірдің Ақбоз тұлпарлары. Ақбозат пен Көкбозат арқанмен Темірқазыққа арқандаулы - Жетіқарақшы түнімен бұл екі атты ұрлаймыз деп торып,аттар қозғалмай,қағулы тұрған қазықты айналып,күзетті алдырмай, таң атып кетеді. Шынымен байқасаңыз, Жетіқарақшы түнімен темірқазықты айналып шығады.
Темірқазықтың навигациялық жұлдыздар санатына жатуы ғана емес, оның қашанда бір тұстан тұрақты көрінуі де көптеген халықтардың мәдениетінде өзіндік маңызға ие символ белгіге, мәдени білім-тәрбиенің маңызды мазмұнына айналған.
Темірқазық жұлдызы төңірегіндегі қозғалыс
Қазақ мифологиясында Темірқазық пен жетіқарақшы туралы ертегі айтылады. Аңыз бойынша Темірқазық Тәңірінің құдіретімен аспанға қағылған ат байлайтын алтын қазық болып, ол дүниенің кіндігі есептеледі. Оған Ақбозат пен Көкбозат арқандаулы тұрады, олар түнімен Темірқазықты айнала оттап жүреді. Ал, шөміш пішінді Жетіқарақшы болса олардың соңынан аңдиды да жүреді. Негізі Темірқазықты төңіректеп әр түні бір айналып шығатын Жетіқарақшы (Үлкен Аю, ондағы жеті жұлдыз Үлкен аю α、β、γ、δ、ε、ζ және η жұлдыздары) және Қара құрт (Кассиопея шоқжұлдызы, W әрібіне ұқсайтын, Темірқазықтың бір шетінде Жетіқарақшыға қарсы орналасқан бес жұлдыз) шоқжұлдыздары орналасқан. Темірқазық төңірегіндегі жұлдыздардың әр түн сайынғы Темірқазықты өзек өс етіп айналуы Жер шарының өз өсінен айналуынан екені белгілі. Ал, сол жұлдыздардың өзіндегі өзгерістер мен қозғалыстар аралықтың тым алыс болуына байланысты жай көзге көрінетіндей шамада емес.
Answers & Comments
Ответ:

Объяснение: