3-абзац мәтініне сай келетін ақпараттарды ретімен орналастыр.
Сол сияқты менің сары май жемейтінім де бар. Ол да бала күнімнен бері келе жатқан әдетім. Енді соның себебін айтайын.
Мен жасымда айтқанымды орындамай, орындатпай қоймайтын тентек болсам керек. (Ол күлді). Жоғарыда айтылған қара қозыны тірілте алмағаным болмаса. Тағы да бір ойыннан қайтып, үйге келсем, әжем жаңа ғана қаймақ шайқап болып, түскен майды сығып, табаққа салып жатыр екен.
— Әже, май бер, — дедім қарным ашып келген мен.
— Тұра тұр, қалқам, — деді әжем. — Алдымен майды қылшықтап, тұздайын. Содан соң оны жейсің бе, алақаныңа салып жалайсың ба, өз еркің.
— Жоқ, маған қазір бер, — деп қиғылықты салдым.
— Мә, ендеше, — деді әжем қатуланып, май салған ағаш табақты маған қарай итере салып. Сонсоң өзі үйден шығып кетті.
Тұздалмаған, қылшығы алынбаған майды шеңгелдеп тұрып ал кеп жейін. Содан не керек, кешке қарай ыстығым көтеріліп, лақ-лақ құсып, ауырмасым бар ма. Сонымен, жаңағы майдың кесірінен бір апта ауырып, үйден шыға алмай жаттым. Қолды-аяқты балаға бір апта үйден шыға алмай жатудың қандай азап екенін мен айтпасам да балдырғандардың өздері біледі оны. Міне, осыдан кейін енді май көрсем жүрегім айнитын болды. Әже тілін алмаған бала осындай, өмір бойы май жей алмайтын болып кетеді екен. Ал, сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой. Мұны мен балалар әрқашанда әжелерінің тілін алып жүрсін, менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын.
Менің қатем оларға ғибрат болсын деп айтып жатырмын.
Сары май адамға ең қажетті астың бірі ғой.
Балалар әрқашан да әжелерінің тілін алып жүрсін.
Қолды-аяқты балаға бір апта үйден шыға алмай жату – азап.
Жаңағы майдың кесірінен бір апта ауырдым.
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.