3-тапсырма (106-бет) Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен түсінуге тырысыңыз (ауызша 3 ұпай)
Әкем «Ынтымақ» колхозының сиыр фермасында бастық болатын. Ауылдан он шақырым
«Қаражер» деп аталатын фермада тұрады. Шешем сиыр сауады. Бұл — қыс мекендері, ал жаз шыға
жайлауға көшіп кететін.
Жаз шыға бәріміз тоғайға отынға барамыз. Бір-бір құшақ отын көтеріп келеміз. Ең алда —
апам, содан кейін — құндыздай шулаған біздер, күліп-ойнап келе жатар едік. Ол шақта қыстық шөпті
де жаздай жинап, қораны толтырып қоятынбыз. Қысқы соғым мен ұн ғана әке-шешеміздің мойнында.
Огород, шұрқыраған қаз-тауық, екі сиыр мен ұсақ малымыз бар. Апамның теректен ойып жасаған
келісі мен ескі астауы бар еді. Шынымды айтсам, бізді асыраған — осы келі мен астау. Тіпті бізді ғана
емес, ертеректе әкемізді, оның іні-қарындастарын асыраған — осы келі мен астау екен. Ол тіпті
әкемнен де үлкен. Олар апамның төркінінен Алтайдың арғы бетінен келген аса қымбат заттары
болатын.
ТАПСЫРМА (ЖАЗБАША 4 ҰПАЙ):
-Мәтінге тақырып қойыңыз_________________________________________
-Не себепті қойғаныңызды дәлелдеңіз (1 сөйлеммен) _____________________________________
-Мәтіннен теңеуді табыңыз:____________________________________
-Мәтіннен жалқы есімдерді табыңыз: _____________________________________
Answers & Comments
Ответ:
1. Отбасы еңбегі
2. Себебі, отбасында әр адам жұмыс істеп нәпәқасын тауып жүр , сол үшін отбасы еңбегі.
3. құндыздай шумағын( тек біреу))
4.Ынтымақ , қаражер, Алтай.