3-тапсырма. Өлең бойынша 5 сұрақ құрастыр.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,
Үсті-басы — ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Дем алысы — үскірік, аяз бен қар
Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып, ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Абай Құнанбаев
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.