3-тапсырма . Мәтін бойынша 3 сұрақ құрастырып жаз.(3б)
Өте ерте кездері Қытайдан бастап Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты пайда болған. Тек ХІХ ғасырда ғана бұл жолдың атауын неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен қолданысқа енгізген екен.
«Ұлы Жібек жолы» - адамзат өркениетінің тарихи ескерткіштерінің бірі. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Бұл жол Еуропа мен Азияның, Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір жолы болған.
Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті. Жол Қытайдан басталып, Қазақстанның ежелгі қалалары - Түркістан, Қашғар, Жетісу, Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдалы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.
Қазіргі күні Қазақстан мен Қытай елдерінің арасында ынтымақтастығын бекіту үшін конференциялар, жобалар ұйымдастырылып жатыр. Оның басты мақсаты - Қазақстан мен Қытай арасындағы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту.

4-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жаса. (2б)

1. Байырғы заманда жердің түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген.

2. Жібек мата, былғары, темір, фарфордан жасалған бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек, шабдалы, өрік сияқты жемістер керуен арқылы сауда үшін тасымалданған.
ПОМОГИТЕ ПЖ
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.