3-тапсырма. мәтін бойынша 4 сұрақ құрастыр.

Тараз — Талас өзені бойында орналаскан тарихи кала. Ол V ғасырға дейін салынған. 2000 мың жылдық тарихы бар Тараздың өзіндік тарихы бар. Оның даму жолдарының құпиясы мен сыры кеп.

Әр қаланың өзінің ерекше бойтумары болады. Тараздың бойтұмары — Қарахан мен Айша Бибі кумбездері Аныз бойынша, Айша Бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездеседі. Бірін бірі ұнатқан екі жас үйленуге келіседі.

Жаугершілік заман болғандықтан, елін, жерін қорғап шайқаста жүрген Қарахан уәделі мерзімде Айша Бибіге бара алмай калады.

Арада біраз уақыт етеді. Айша Бибі Қараханның мекені — Тараз қаласына бару үшін қасына күтушісін ертіп, жолға шығады. Бірнеше кун жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, біраз демалмак болады. Күтушісі ас әзірлеуге кіріседі. Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша Бибі жұмсақ төсенішке келіп жатады. Ұзақ жолдан шаршаған жас ару маужырап ұйқыға кетеді. Осы кезде оны даланың улы жыланы шағып алады.

Денесін у жайлап, тынысы тарылған Айша Бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан емші мен молданы алып жеткенде, ару қыз есінен танып жатыр екен. Карахан молдаға Айша екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жаткан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді Бибі болдың!» — деп үш рет айқайлапты.

Ханның өлі қызбен неке киғаны баска еш халыктың тарихынан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Қанша уақыт өтсе де, сол күмбез екі ғашықтың махаббатының өшпес белгісі болып Тараз қаласының іргесінде әлі тұр.

Пожалуйста быстрее​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.