3 тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Мәтінге тақырып қойып, жоспар құрыңыздар.
Жоспар 3 бөліктен құрылуы керек. (4 балл)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар
тәуелсіздігіміздің нышандары болып табылады. Қазақстан Республикасының Туында күн
сәулесі бейнеленген. Жер жүзіне нұрын шашқан күн сәулесінің астында қияға қанат
қаққан қыран салынған. Ол – тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың
қай елдікі екендігін білдіреді.
Елтаңбада көгілдір түстің үстіне шаңырақ бейнелеген. Одан жан-жаққа күн сәулесі
тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта
жарасымды өмір сүріп жатқан халықтардың достығын көрсетеді. Елтаңбаның бір
бөлігінде ертедегі қанатты тұлпар бейнеленген. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес
бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Масақ Отанымыздың
байлығын білдіреді.
Әнұран — мемлекеттің салтанатты әні. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы
тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды қолын жүректің тұсына
қойып, тұрып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді.​
Please enter comments
Please enter your name.
Please enter the correct email address.
You must agree before submitting.

Answers & Comments


Copyright © 2024 SCHOLAR.TIPS - All rights reserved.