3-тапсырма. Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазарының бейнетаспасын көріп, ал- ған әсерлерің туралы шағын мәтін құраңдар.
Answers & Comments
bayanbeimbet
Ответ:Қос ғашықтың қайғылы махаббатына арнап тұрғызылған Қозы Көрпеш - Баян Сұлу мазары Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жердегі Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі - 11.65 м. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Кірер есігі шығысқа қаратылған. Бір зерттеушілердің пікірінше, ол V-X ғасырда көтерілсе, басқалар X-XI ғасырда орнатылған дейді. Қалай дегенмен де, лиро-эпостық поэманың кейіпкерлерімен байланысқан мазар біздің күнге дейін жеткен ежелгі Қазақстан ескерткіші болып табылады.
23 votes Thanks 51
1arystanoff3
Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың бейіті туралы бейнежазбаны қараған кезде мен Сарыбай-Тайлақбий Тобыл құрылысына 40 мың қолын кесене құрылысына жібергенін және осы мазар 1982 жылы Қазақ КСР тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілгенін және мемлекеттің қорғауына алынғанын білдім
Answers & Comments