3 тапсырма.
-тапсырма.
Мәтінді тыңда.
Менің отбасым биыл қалаға көшіп келді. Мені анам үйдің
қасындағы мектепке оқуға берді. Менің мектебім орталықта
орналасқан әрі үйге жақын. Мектебіміз жаңа, биік. Ол қызғылт
кірпіштен салынған. Ол — үш қабатты, әдемі ғимарат. Мектептің
маңдайшасына Ыбырай атамыздың «Кел, балалар, оқылық!» деген сөзі
ілінген. Ол алыстан көрініп тұрады.
Мектептің бірінші қабатында асхана, спортзал, мәжіліс залы, кітап-
хана, киім ілетін жер және мұғалімдер бөлмесі бар.
Екінші, үшінші қабаттарда оқу кабинеттері орналасқан. Кабинеттер
жарық әрі кең. Терезелері үлкен. Терезеден тау көрініп тұрады. Каби-
неттердегі жиһаздар жаңа үлгіде жабдықталған. Шкафтағы сөрелерде
көп кітап бар. Дәліздері таза әрі жарық. Еденге ұзын, күлгін түсті
кілемшелер төселген.
Мектеп ауласында шырша, қарағай, емен ағаштары өсіп тұр. Ай-
налада неше түрлі гүлдер бар. Мектепте балаларға сабақ оқу үшін
барлық жағдай жасалған. Маған мектеп ұнады. Мен қаланың мектебі-
не тез үйрендім.
Надо выписать все сын есім ( имя прилагательное)
ПЖЖЖ
Answers & Comments
Ответ:жақын,биік,қызғылт.əдемі.жарық.кең.үлкен.көп.ұзын.күлгін.түрлі.
Объяснение: